Алматыда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік дайындық орталығының басшылығы Жапонияның әскери атташесі полковник Тадаши Саваимен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Орталық бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин қонақты бітімгерлік және тілдік дайындық саласындағы инфрақұрылыммен, оқу бағдарламаларымен және жобалармен таныстырды. Сондай-ақ ол әскери атташеге БҰҰ-ның «Бейбіт халықты қорғау» курсына жапондық бітімгерлік орталығы өкілінің баяндамашы ретінде қатысуына жәрдемдескені үшін алғысын білдірді.
Тараптар Қазақстан мен Жапонияның бітімгерлік дайындық орталықтары арасындағы ынтымақтастық бағыттарын талқылап, осы саладағы өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.