Жапониялық компания қызметкерлеріне 80 жасқа дейін жұмыс істеуге рұқсат бермек

27 Шілде 2020, 11:20
1125
Бөлісу:
Жапониялық компания қызметкерлеріне 80 жасқа дейін жұмыс істеуге рұқсат бермек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осылайша, компания болашақта кадр тапшылығын болдырмауға үміттеніп отыр, деп хабарлайды Bloomberg.

Электроника сататын дүкендер желісін басқаратын жапониялық "Nojima" корпорациясы қызметкерлерге 80 жасқа дейін жұмыс істеуге рұқсат бермек. Алайда, 80 жасқа дейін жұмыс істеуге ниет білдіргендер ғана осындай мүмкіндік алады. 65 жастан кейін жұмыста қалуға шешім қабылдағандарға еңбек шартын жыл сайын ұзарту ұсынылады.

Иокогамадағы компанияның дүкендердегі сатушыларды қоса алғанда, 3000 қызметкерінің барлығында еңбек шартын ұзарту құқығы бар, - делінген мақалада.

Компания бұл қадам аға буын қызметкерлердің білімі мен тәжірибесін ұзақ пайдалануға, сондай-ақ кадр тапшылығы мәселесін болдырмауға көмектеседі деп санайды.

Жапония халқы әлемдегі ең көп жасайтын ел екені белгілі. 2006 жылы Жапонияда 65 және одан да жоғары жастағы халықтың үлесі 20%-дан асып кеткен әлемдегі алғашқы ел болды.

Өзгелердің жаңалығы