Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда жалғыздық жөніндегі министр қызметі пайда болды, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл туралы Ёсихидэ Суга мәлім етті. Шешім індет кезінде әйелдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау дерегінің көбеюінен қабылданған. Осыған байланысты жаңа министрге жалғыздық және оқшауланумен күресу міндеті жүктелді. Ол сондай-ақ балалардың кедейшілікке ұшырау, қарттарға көмек мәселесімен де айналысатын болады.Айта кетейік, Жапонияда соңғы 11 жылда өзіне өзі қол жұмсау деректері күрт артты. Сарапшылар мұны эпидемия кезінде жұмыссыздықтың өсіп, бала күтімі мен үй шаруасының қиындай түскендігімен түсіндіреді.