Жапонияда велосипедшілерге талап күшейтілді

4 Қараша 2024, 18:44
376
Бөлісу:
Жапонияда велосипедшілерге талап күшейтілді

Бұдан былай велосипедпен келе жатып телефонмен сөйлескендер 6 айға бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап. 

Немесе 100 мың иен айыппұл төлеуге міндетті. Ал мас күйде велосипедке мінген адам 1 жыл түрмеде отырады. 

Жаңа заң өткен жұмада күшіне енді. Биліктің бұл бастамасына велосипедшілер арасында жол көлік оқиғасының артуы себеп болған. Былтыр 72 мың апат тіркелді. Бұл елдегі жалпы жол-көлік оқиғасының 20%-іне тең. 

Ал алғашқы жарты жылда велосипедтен 1 адам опат болып, ондаған кісі зардап шеккен.

Өзгелердің жаңалығы