Жапонияда тақ мұрагерін ұлықтау салтанаты өтті

9 Қараша 2020, 15:37
1348
Бөлісу:
Жапонияда тақ мұрагерін ұлықтау салтанаты өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда ханзада Акисиноны тақ мұрагері ретінде жариялау салтанаты өтті. Шара сәуір айында жүруі тиіс еді, деп жазды Хабар24.

Бірақ салтанатты рәсім коронавирусқа байланысты кейінге шегерілген. Індет салдарынан ұлықтау салтанатының уақыты мен шақырылған қонақтар саны да қысқартылды. 

Жалпы, Күншығыс елі әлемде ең ежелгі монархия саналады. Дәстүр бойынша таққа тек ер адамдар отыра алады. Сондықтан император Нарухитоның ұлы болмағандықтан, тақ мұрагерлігі 54 жастағы бауыры Акисиноға көшкен.


Өзгелердің жаңалығы