Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жапонияда парламентке мерзімінен бұрын сайлау басталды

Бүгiн, 18:48
103
Бөлісу:
 Anadolu
Фото: Anadolu

Жапонияда парламентке мерзімінен бұрын сайлауда дауыс беру басталды. Бұл сайлаудың нәтижесі премьер-министр Такэити Санаэ қызметінде қалу-қалмауы айқындалады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Парламенттің төменгі палатасы – Өкілдер палатасындағы 465 орынға шамамен 1200 кандидат үміткер болып отыр.

Биліктегі Либералды-демократиялық партия (ЛДП) мен Жапония инновациялар партиясынан (JIP) құралған коалиция парламенттегі басымдықты сақтап, қазіргі үкіметтің жұмысын жалғастыруды көздейді.

Оппозиция жағында ең ықпалды күш ретінде Конституциялық-демократиялық партия (CDP) мен «Комэйто» партиясы бірігіп құрған «Центристік реформаторлық альянс» аталады.

Такэитиге сенім вотумы

Премьер-министр Такэити Санаэ бұл мерзімінен бұрын өтетін сайлауды өз үкіметіне деген сенімді тексеру деп бағалап отыр.

ЛДП ішіндегі басшылық ауысқаннан кейін Такэити Санаэ 2025 жылдың 21 қазанында қызметке кірісіп, Жапония тарихындағы алғашқы әйел премьер-министр атанды.

Мерзімінен бұрын сайлау өткізу үшін үкімет 23 қаңтарда Өкілдер палатасын таратқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы