Жапонияда коронавирус жұқтыру деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті

22 Шілде 2022, 11:30
1315
Бөлісу:
Жапонияда коронавирус жұқтыру деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті. Вирусқа шалдыққандар 180 мың адамнан асқан деп жазады Kyodo News.

Қазіргі уақытта елде инфекцияның жетінші толқыны орын алуда. Індет мемлекеттің 47 префектурасының 35-де анықталды. 

Әсіресе ел астанасы Токиода бұрын-соңды болмаған аурушаңдық деңгейі орын алып, 31 мың 878 дерек тіркеліп отыр. Соңғы рет вирустың өршу деңгейінің жоғарылауы 21 мың 562 адаммен ақпан айында болған. 

Алайда COVID-19-дың көбеюіне қарамастан ел үкіметі қозғалысқа шектеу енгізілмейтінін айтты. 

Бірақ жазғы демалыс кезінде туристік және мейрамхана индустриясы инфекцияның жаңа толқыны алдыңғы толқындарда зардап шеккен кәсіпорындарға тағы да соққы жасай ма деп алаңдаулы.  

Өзгелердің жаңалығы