Алматы, BAQ.KZ. Жапониялық компаниялардың 56%-ы Токиода өткелі отырған Олимпиада ойындарына қарсылық білдірді. Бұл туралы Tokyo Shoko Research зерттеу фирмасы хабарлады.
Аталған мекеме ақпанның 1-8 аралығында сауалнама жүргізген. Нәтижесінде Жапония компанияларының 56%-ы осы жылы өткелі отырған Олимпиада және Паралимпиада ойындарын кейінге қалдыруды немесе мүлдем өткізбеуді қалайтындарын айтқан.
Сауалнамаға қатысқандардың тек 7,7% ғана Олимпиада ойындарының толықтай көрерменнің қатысуымен өткенін қалайтынын айтқан.
Респонденттердің 20%-ы көрермен санын шектеу арқылы өткізуді қолдаса, тағы 17%-ы көрерменсіз өткізу керек деп жауап берген.
Айта кетейік, Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі керек болған. Коронавирус пандемиясына байланысты әлемдік доданы 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өткізу туралы шешім қабылданған еді.
Жапонияда өтетін Олимпиада тарихта бейбіт кезде кейінге қалдырылған ойын болып қалды.