Жапонияда «британдық» штамм тіркелді

31 Қаңтар 2021, 13:15
1770
Бөлісу:
Жапонияда «британдық» штамм тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың «британдық» штаммы ошағын анықтады. Бұл туралы ТАСС жергілікті Nikkei басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Вирус Токиода және оған жақын орналасқан Сайтама префектурасында тұратын тағы бес азаматтан анықталды. Вирус жұқтырғандар дәрігерлердің бақылауында.

Сайтамадан жұқтырған үш адам әріптестер болып шықты және олар бұған дейін «британдық» штаммды жұқтырған адаммен жұмыс істеген. Мекеме елдегі жаңа штаммның алғашқы ошағы тіркелгенін жоққа шығармайды.

Қаңтар айының басында ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Аданои Гебрейюс Жапонияда табылған коронавирустың жаңа мутациясының қауіптілігін бағалаған еді. Оның айтуынша, коронавирустың бұл штаммы инфекцияны агрессивті етпеген.

Өзгелердің жаңалығы