Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның батыс жағалауында бір сағаттың ішінде үш жер сілкінісі орын алды. Бұл туралы РИА-Новости хабарлады.
Жапонияның бас метеорологиялық басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, елдің батыс жағалауындағы Исикава префектурасында бір сағатқа жетер-жетпес уақыт аралығында үш рет жер сілкінген.
Алғашқы екі жер сілкінісі жергілікті уақытқа сәйкес 10.26 және 10.28-де орын алған, магнитуда 4,3 пен 4,1-ді құраған. Жер сілкінісінің ошағы он шақырым тереңдікте орналасқан.
Үшінші жер сілкінісі 11.18-де орын алды, магнитудасы 4,0-ді құрады.
Дүмпудің максималды күші Жапонияда қабылданған жеті балдық шкала бойынша төрт баллды құрады. Цунами қаупі жоқ.
Сондай-ақ зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы деректер берілмеген.