Жапонияда құтқару жұмыстарына арналған үш метрлік гуманоид-робот жасалады, деп хабарлайды BAQ.KZ Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.
Жапонияның жетекші университеттерінің бірі жекеменшік компаниялармен бірлесіп, соңғы үлгідегі адам кейпіндегі алып роботтарды жасауға кіріседі. Жоба авторларының айтуынша, гуманоид-роботтардың биіктігі 3 метр, ал салмағы шамамен 300 келі болады. Олар сағатына 5 шақырым жылдамдықпен қозғалып, 100 келіден астам жүк көтере алады.
Роботтардың негізгі міндеті – жер сілкінісі мен табиғи апаттардан кейінгі құтқару жұмыстарына көмектесу, әсіресе қирандыларды тазалау. Табиғи апаттар жиі болып тұратын Жапония үшін бұл – стратегиялық маңызды технология, – деп жазды агенттік.
Жобаның алғашқы сынақ үлгісі 2026 жылдың соңына дейін дайын болады деп жоспарланып отыр. Ал кең көлемдегі өндіріс 2029 жылы басталмақ.