Жапония жағалауында жер сілкінісі болды

3 Сәуір 2025, 03:18
1187
Бөлісу:
Жапония жағалауында жер сілкінісі болды
Фото: ашық дереккөз

Жапония жағалауында магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы АҚШ-тың Геологиялық қызметі (USGS) мәлімдеді.

Берілген мәліметке сәйкес, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 14:03-те Нисиноомоте қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 54 шақырым қашықтықта тіркелген. Бұл қалада шамамен 14 000 адам тұрады.

Зілзаланың ошағы 26 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жапа шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.

Өзгелердің жаңалығы