Жапония императрицасына ота жасалды

8 Қыркүйек 2019, 15:24
1645
Бөлісу:
Жапония императрицасына ота жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның құрметті императрицасы Мичикоға сүт безінің қатерлі ісігін алып тастау үшін ота жасалды. Бұл туралы NHK телеарнасы хабарлады.

Ота 8 қыркүйек күні таңертең Токио университетінің ауруханасында жасалды және шамамен төрт сағатқа созылды. Отаға дейін оның күйеуі, құрметті император Акихито келіп, көңілін сұрады. Ипмератрица ауруханадан қашан шығатыны белгісіз.

7 қыркүйекте 84 жастағы Мичико ауруханаға жеткізілген болатын. Ол сол жерде қажетті зертханалық талдауларды өткізген. Мичико шілде айында жоспарлы медициналық тексерістен өткен кезде дәрігерлер онкологиялық ауру диагнозын ерте сатысында анықтаған. Оған дейін құрметті императрица таңғы серуен кезде демігіп қалуы мен салмақ тастай бастағанына шағымданған. 

Милико құрметті императрица атағын мамыр айында жолдасы биліктен кеткеннен кейін алған. Бірінші мамырдан бастап Жапонияда Рэйва атындағы эра басталып, елді император Нарухито басқара бастады.


Өзгелердің жаңалығы