Жапония елшілігі Қазақстандағы түрменің пешін тексерді

21 Қараша 2020, 21:00
1993
Бөлісу:
Жапония елшілігі Қазақстандағы түрменің пешін тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония елшілігінің өкілдері Алматы облысындағы әйелдер колониясына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаменті басшылығының бастамасы бойынша Жауғашты кентінде орналасқан ЛА-155/4 (әйелдер колониясы) мекемесінің от жағу қазандығын жаңғыртуға және қайта жабдықтауға техникалық көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігіне өтінім берілген болатын. 

Осы жылдың 20 қарашасында түзеу мекемесіне Жапония елшілігінің өкілдері: ҚР-дағы Жапония елшілігінің бірінші хатшысы Такасигэ Кобояши мырза және “Корни травы” бағдарламасының үйлестірушісі Акиро Мацумато ханым келді. 

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлерімен бірге сотталған әйелдердің коммуналдық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту үшін қазіргі заманғы газ қазандықтары мен жабдықтарын сатып алу және орнату қажеттілігі мәселесімен танысу және зерделеу мақсатында колонияның ішкі коммуникация объектілері қаралды. 

Кездесу қорытындысы бойынша үйлестірушілер берілген өтінімді Жапония Үкіметі қарайтынына сендірді. 

Алматы облысының түзеу мекемелерінде газ қазандықтарын іске қосудың алғашқы жобасын Іле ауданының Жауғашты кентінде орналасқан әйелдер колониясында жүргізу жоспарлануда. Мекеме құрылған сәттен бастап (1937) қазандықты жылыту үшін көмірді пайдаланады. Қатты отынды пайдалану еңбекті көп қажет ететін және экологиялық зиянды жылу өндірісі болып табылады. Мекеме орналасқан ауыл ішінде газ тарату желілері жүргізілгенін және тұрғындары табиғи газға қосылғанын ескере отырып, әйелдер колониясының қазандығын газға ауыстыру орынды және экономикалық тиімді деп санаймыз. Аталған жаңа енгізілім сотталғандарды коммуналдық-тұрмыстық қамтамасыз етуді жақсартуға, бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге, жергілікті жерде экологияны жақсартуға мүмкіндік береді, – деді өңірлік ҚАЖД бастығы Серік Әбдікәрімов. 

Сапар барысында санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың барлық ережелері сақталды. 

Жапония үкіметі ресми көмек аясында 1997 жылдан бастап “Корни травы” бағдарламасын жүзеге асыруда. Бағдарлама тиімсіз ұйымдар іске асыратын және халықтың қарапайым топтарының әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей жәрдемдесетін шағын ауқымды жобаларды қолдауға бағытталған. Сондай-ақ бағдарламаның тағы бір мақсаты халықтың, адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

1997 жылдан бастап “Корни травы” бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасында шағын ауқымдағы 75-тен астам жоба іске асырылды. Бұл бағдарлама жақсы беделге ие, өйткені ол халықтың қарапайым топтарын әлеуметтік-экономикалық дамыту саласындағы жобаларға икемді және уақтылы қолдау көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы