Сәтпаев қаласында екі қабатты 8 пәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер өрттеніп, жалын басқа пәтерлерге көшкен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Өрт өршіген сайын Ұлытау облысы ТЖД-нен қосымша күштер мен құралдар жұмылдырылып, өз беттерінше далаға жүгіріп шыққан тұрғындарға жылыну үшін арнайы техника жеткізілді.
Өрт сөндіру жұмыстары барысында өздігінен шыға алмаған 1958 және 1959 жылы туған екі қарт адам құтқарылды.
Өрт 96 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендерге жоқ.