Жануарларға қатыгездік үшін айыппұлды көбейту немесе бас бостандығынан айыру ұсынылды

18 Ақпан 2021, 17:42
2162
Бөлісу:
Жануарларға қатыгездік үшін айыппұлды көбейту немесе бас бостандығынан айыру ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін айыппұлды 2000 АЕК-ке дейін ұлғайтуды немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды ұсынылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының бас сарапшысы Қуат Чумакаев айтты. 

Оның айтуынша, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өткен жылдың желтоқсан айында «жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізді. Құжатта жануарларға жауапкершілікпен қарауды және оларға адамгершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған нормалар бар.

Заң жобасы қабылданғаннан кейін жануарларды мәдени-ойын-сауық, ойын-сауық, көрсету мақсатында пайдалану кезінде, сондай-ақ ғылыми зерттеулер, биологиялық тестілеу, оқу процесі және медициналық мақсаттарда пайдаланылатын эксперименттік жануарларды күтіп-бағу мен өсіруге қойылатын талаптар күшейтілетін болады, - деді ол.

Бұдан басқа, қоғам белсенділері қолданыстағы заңнамаға жануарларға жарақат келтіруді және мертіктіруді, оларды жансыздандыруды, жануарларды союға тыйым салуды, сондай-ақ оларға қатыгездікпен қарауды насихаттайтын баспа, дыбыс-бейне өнімдерін көрсетуге, таратуға тыйым салу жөніндегі нормаларды қосу туралы қосымша ұсыныс енгізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, мүдделі мемлекеттік органдар жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін айыппұлды 2000 АЕК-ке дейін ұлғайтуды немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды ұсынады. Ол үшін Қылмыстық кодекстің 316-бабына өзгерістер енгізу талап етіледі. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік кодекстің 408-бабын қатаңдату жолымен айыппұлды 20 АЕК-ке дейін ұлғайту ұсынылды, - деді Чумакаев.


Өзгелердің жаңалығы