Жануарларды қорғайтын заң: Жануарларға деген көзқарас қалай өзгереді?

31 Желтоқсан 2021, 13:25
3439
Бөлісу:
Жануарларды қорғайтын заң: Жануарларға деген көзқарас қалай өзгереді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде жақында ғана «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң қабылданды. 

Бұл аясында қандай мәселелер шешіледі? Жануарларға деген көзқарас қалай өзгереді? Осындай сұрақтарды мал дәрігері, «Табиғат» экологиялық одағының мүшесі Анна Хамчукова түсіндіріп берді.

Заң барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жануарларға қатыгездікті насихаттауға тыйым салуды және мұндай насихаттың кез келген түріне тыйым салуды қарастырады. 

Заңда көрсетілген мұндай норма өте қажет. Кейбір адамдар жануарларды өлтіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп жатқан фотолар мен видеолар арқылы теріс әрекеттерге баратынын көріп жүрміз. Сондай-ақ мазмұны жағынан өте қатыгез мұндай фотолар мен бейнелер балалардың, жасөспірімдердің, психикасы нәзік және қалыптаспаған адамдардың психикасына зиян келтіруі мүмкін, - дейді сарапшы.

Сөзінше, мұндай қатыгездік әрекеттерді жасаған азаматтарды халық жазалау керегін жоққа шығармайды.

Заң жануарларға қатыгездік көрсету фактілері туралы хабарлауға тыйым салмайды, тек жануарларға қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністері бар елең еткізетін фотосуреттер мен бейнероликтерді жариялауға, сондай-ақ оларды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратуға тыйым салынады. Жануарларға жасалған зорлық-зомбылық көріністері бар фото және бейне материалдар құқық қорғау органдарына берілуі, қылмыскерді іздестіру және ұстау кезінде дереккөзі міндетті түрде көрсетіле отырып, дәлелдеме ретінде іске қоса тіркелуге тиіс. Сондай-ақ олжа алған аңшылардың фотосуреттері мен бейнематериалдары, аңшылықтың өзі, жануарларының өлекселерін сою, діни рәсімдер мен мерекелер кезінде құрбандық шалу әрекеттері, ветеринариялық-санитариялық шаралар, зертханалық жануарлармен жүргізілген ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер қатыгездіктің насихаты болып есептелмейді, - деп түсіндірді Анна Хамчукова.

Маман қабылданған заңнан кейін жануарларға деген көзқарас қалай өзгеретініне тоқталды.

Бұл заң халық арасында жануарларға деген көзқарас мәселесіне ерекше түзетулер енгізеді. Заңда жануарлар иелерінің жауапкершілігін арттыруға кешенді көзқарас, жеке тұлғалардың тұрғын үйлерде жануарлардың жекелеген түрлерін ұстауына тыйым салу қарастырылған. Қатыгез қарым-қатынас үшін қылмыстық жауапкершілік, жануарларға күтім жасау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жоғары айыппұлдар, қараусыз қалған жануарлардың санын реттеудің ізгілікті әдістері, қызметтің әртүрлі салаларында жануарларды пайдалану мен күтіп-бағуға қойылатын талаптар қатаңдатылды, сондай-ақ халықтың жануарларға адамгершілік және ізгілікті көзқарасын тәрбиелеу көзделген. Осы шаралардың барлығы міндетті түрде біздің кішігірім бауырларымызға ұқыпты және жанашыр қарым-қатынас мәселелерінде оң нәтижеге әкеледі, - деп толықтырды ветеринар.

Өзгелердің жаңалығы