Жануарға қатыгездік көрсеткен Алматы саябағының қызметкерлері жазаланды

9 Қыркүйек 2024, 11:18
308
Бөлісу:
Жануарға қатыгездік көрсеткен Алматы саябағының қызметкерлері жазаланды
VIDEO
Фото: скриншот

Саябақта жұмыс істейтін жылқылардың иесі жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін жазаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға видеоға түсіп қалған. Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында тәртіп сақшылары аталмыш бейнероликке назар аударған. Кадрларда ер адамның атқа мініп алып, жол бойымен шауып бара жатқанын көруге болады. Ол жылқыға пониды байлап қойған. Аласа бойлы жануар үлкен жылқыға әрең ілесіп келеді. Тұрғындар екі жылқыны да танып қойған. Олар - мегаполистің орталық саябағында балаларды серуендететін жануарлар.

Тексеріс кезінде видеоның Мақатаев пен Жетісу көшелерінің қиылысында түсірілгені анықталды. Құқық бұзған азамат Әкімшілік кодекстің 614 және 407-1-баптары бойынша жауапқа тартылды. Сонымен қатар онымен жануарларға жауапкершілікпен және ұқыпты қарау туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді, - делінген хабарламада.

Көлік қозғалысына кедергі жасағандарға 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, ал жануарларға қатыгездікпен қарағандарға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Айыппұлдың жалпы сомасы 29 мың теңгені құрайды.

Өзгелердің жаңалығы