Ғалымдар кей жануар жүктілігін өздігінен тоқтата алатынын айтты

4 Қараша 2019, 17:05
3478
Бөлісу:
Ғалымдар кей жануар жүктілігін өздігінен тоқтата алатынын айтты

Алматы, BAQ.KZ. Мельбурн университетінің ғалымы Джейн Фенелон сүтқоректілердің 130-ға тарта түрі жүктілікті өздігінен тоқтатып, кейінге қалдыра алады деген тоқтамға келген. Бұл туралы ScienceAlert хабарлады.

Ғалымдардың зерттеу жұмыстары нәтижесінде жануарлардың да көбею процесін өздігінен тоқтата алатыны анықталып отыр.

Көптеген жануар жүктілікті бірнеше күннен 11 айға дейін тоқтата алады екен. Әсіресе, жаңа пайда болған эмбрион 80 жасуша көлемінде түзіліп, жатырда толығымен бекіп бітпеген тұста болатын көрінеді. 

Ғалымдардың пайымдауынша, жануарлар бұны көбеюге қолайлы жағдай қалыптаспаған кезде жасайды екен. Жүктілігін өздігінен тоқтатын ірі жануарлар қатарында аю, итбалық, бұғы, кіреукей, тіптен алып құмырсқажегіш те бар.

Өзгелердің жаңалығы