Оқиға 31 желтоқсан күні сағат 19:20-да болған, деп хабарлайды BAQ.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Абай көшесімен Б.Момышұлы даңғылы бағытында келе жатқан ВАЗ 2114 көлігінің 23 жастағы жүргізушісі жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жол апаты салдарынан 54 жастағы жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті полицияға тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі хабарламасында.
Айта кетейік, соқтығысу видеоға түсіп, әлеуметтік желіге тарап кеткен. Кадрларда жүргізуші бұрылыста тізгінге ие бола алмай, көлік сырғанап, 4 адамды қағып кеткені, оның екеуі балалар екені көрінеді.
Полиция тек бір әйелдің зардап шеккенін айтты.