Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ 35 күнге қамауға алынған қоғам белсенді Руслан Жанпейісов бостандыққа шықты.
"Полицейлердің аңшысы" атанып кеткен Жанпейісов бостандыққа шығып, бірден ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа үндеу жолдады. Оның айтуынша, енді полицейлерді видеоға түсірмейді екен. Бұған дейінгі сыны үшін кешірім сұрады.Жанпейісов бұл ісімен қоштасатынын айтты. Бірақ билік тарапынан ешқандай қысым болмады, шешімді өзім қабылдағанын жеткізді.
Соңғы жеті жыл ішінде Қазақстандағы полиция қызметкерлерінің жақсы жағына өзгеруіне өз үлесімді қосуға тырыстым. Елге видеолар мен үндеулерді түсірген кезде мен қателіктерге жол берген полицияның жұмысын сынға алдым. Мұның дәлелі - тәртіптік жаза, қызметтік тергеу және өзге де қатаң шаралар болды. Осы видеоларды көрген өзге қызметкерлер мұндай қателіктер жібермейтініне және бұл әдіс полицияның жұмысын жақсартатынына сенімді болдым. (...) Бірақ олар мені тыңдамады, түсінген де жоқ, - деді қоғамдық белсенді.Сонымен қатар, ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады.
Сол тұтқындалған күні эмоцияға ерік беріп, өз-өзімді ұстай алмадым. Олардың ұстап әкетуіне кедергі келтірдім. Өз ойымды елдегі төтенше жағдай кезінде айттым. Сол үшін президенттің алдында өте ыңғайсыз болды. Дегенмен, бұл менің субъективті пікірім болатын, - дейді Жанпейісов.