Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына министр пікір білдірді

Бүгiн, 12:39
115
Бөлісу:
 Үкімет баспасөз қызметі
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауына салалық министрлік басшысы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкіметте өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Иә, өкінішке қарай, маңызды жекпе-жек қарсаңында осындай жағдай болды. Алайда екінші сынама ашылады, ол 8 қаңтарға жоспарланған. Жәнібектің командасы да, біз де екінші сынаманың нәтижесін күтіп отырмыз. Ақпаратты сол қорытындыдан кейін береміз, - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ министр сынама нәтижесі оң болып шыққан жағдайда спортшы титулдарынан айырылуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, мұндай шешімді WADA мен халықаралық бокс федерациясы қабылдайды.

Еске салайық, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына іліккен болатын.

Өзгелердің жаңалығы