Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жәнібек Әлімханұлы рингке қайта оралады – Берік Сұлтан

Бүгiн, 20:09
102
Бөлісу:
 x.com/qazaqstyle
Фото: x.com/qazaqstyle

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы дисквалификациядан кейін тек ресми шешім шыққан жағдайда ғана рингке оралады. Бұл туралы оның менеджері Берік Сұлтан мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сұлтан әлеуметтік желідегі жазбасында сын айтқандарға жауап беріп, жанкүйерлерге де үн қатты.

Біз жайында "мансаптың соңы" деп жазып жүргендерге айтарымыз: итке керегі үріп жүру, бізге керегі күліп жүру. Хейт пен сын болады, бәріне бірдей ұнау мүмкін емес. Бізге қуанғандар қателеседі. Әзірге ресми ақпарат жоқ. Қазір Жәнібек ешқайда шеттетілген жоқ, ол әлі чемпион. Ресми шешім шыққаннан кейін ғана нақты қадам жасаймыз, – деді менеджер.

Ол сондай-ақ қолдаған жанкүйерлерге алғыс айтып, команда алдағы уақытта қайта оралуға дайын екенін жеткізді.

Иә, жағдай болды, бірақ біз сынған жоқпыз, керісінше күшейдік. Біз міндетті түрде ораламыз. 38 жастағы Кроуфорд “Канело”ны жеңген. Бивол, Усик, Иноуэ – бәрі тәжірибелі. Лара да 40-тан асқан. Жәнібектің жасы небәрі 33. Егер жарты жыл немесе бір жыл дисквалификация берілсе де, біз қайта келеміз. “Qazaq Style” әлі рингте жарқырайды. Ең жақсысы алда. Көңілдеріңізді түсірмеңіздер, – деді Берік Сұлтан Instagram-дағы жазбасында.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы "кәсіпқой бокстан шеттетілді" деген ақпарат тараған еді.

Өзгелердің жаңалығы