Жәнібек Әлімханұлы қазіргі денсаулығы туралы айтты

14 Шілде 2024, 12:38
8841
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы қазіргі денсаулығы туралы айтты
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Денсаулығына байланысты титулдық жекпе-жектен бас тартқан қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қуанышта бірге болған жанкүйерлерім, қиындықта да қасымнан табылып жатқанына қуаныштымын. Баршаңызға Алла разы болсын. Тілек, дұғаларыңызға рақмет! Денсаулығым дұрысталды. Қазір барлығы жақсы. Бұйыртса келесі жоспарды ақылдасып жатырмыз!", - деп жазды ол.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық спортшы Андрей Михайловичпен болатын жекпе-жек алдында, 12 шілдеде АҚШ-та ауруханаға түсіп қалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы