Орта салмақтағы IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) өзін әлемдегі ең ұлы боксшылармен салыстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүкіл әлем Мұхаммед Әли немесе Майк Тайсонға тамасанған сияқты мен де АҚШ-қа қазақты мойындату үшін келдім!",- деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желісіне.
Айта кетейік, 15 қазанда Жәнібек Әлімханұлы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы болған германиялық Винченцо Гуальтиериді нокаутқа жіберіп, екі чемпиондық атақты иеленген болатын. Жекпе-жектен соң қазақстандық спортшы қалған екі белбеуді де біріктіретінін мәлімдеген еді.
Бұған дейін боксшы болашағына қатысты мәлімдеме жасаған болатын.