Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жекке қашан шығатынын хабарлады

17 Тамыз 2021, 11:08
4370
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жекке қашан шығатынын хабарлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақтағы Қазақстан чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) instagram парақшасында рингке қай уақытта шығатыны туралы айтты. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Құрметті жанкүйерлер! Команда демалыста екенін білесіздер. Демалыс елде сәтті өтіп жатыр. Бұйыртса жыл соңына дейін 1 жекпе-жек өткіземіз. Келіссөздер басталып кетті, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін 26 маусымда Лас -Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткізді. 

28 жастағы қазақстандық сегізінші раундтың соңында жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан американдық Роб Брунтты (26-3, 18 КО) мерзімінен бұрын жеңді.

Өзгелердің жаңалығы