International Boxing Federation қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды. Бұл туралы Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Есенбеков мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10 наурыз кешке Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясы ұйымына IBF хатшылығынан тиісті шешім туралы ресми хат түскен.
Федерация президенті Рахымжан Есенбековтің айтуынша, IBF ережелеріне сәйкес әрбір чемпион кез келген салмақ дәрежесінде өз белбеуін тоғыз ай ішінде міндетті түрде қорғауы тиіс. Әлімханұлы титулын 2026 жылғы 4 шілдеге дейін қорғауы қажет болған.
«IBF ұйымының қатаң ережелері бар. Олардың хатына сәйкес Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін шеттетілді», – деді федерация басшысы.
Осыған байланысты 2026 жылғы 5 наурызда IBF директорлар кеңесі орта салмақтағы чемпиондық атақты бос деп жариялау туралы шешім қабылдаған.