Халықаралық бокс федерациясы (IBF) ақпан айына арналған жаңартылған рейтингін жариялады. Оған сәйкес, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына қарамастан орта салмақтағы әлем чемпионы титулын сақтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта Жәнібек кәсіпқой рингтен бір жылға шеттелген, ал жыл соңында міндетті жекпе-жегін өткізуі тиіс.
Естеріңізге салсақ, Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлынан мельдонийге байланысты допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткеннен кейін чемпиондық атағын сақтап қалуды шешкен болатын.
Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлын 2026 жылғы 31 мамырға дейін жарыстардан шектеді.