Астанада өтіп жатқан «Battle of the Brave» бокс кешінде өнер көрсеткен орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11КО) чемпиондық белбеуін қорғап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Боксшымыз франциялық Анауэль Нгамиссингемен (14-0, 9 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған. Алайда бесінші раундта франциялық боксшы Жәнібектің ауыр соққысынан кейін жекпе-жекті жалғастыра алмады. Сөйтіп, төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты.
Нәтижесінде Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой мансабында 17-ші рет жеңіске жетіп, қос чемпиондық белбеуін сәтті қорғап қалды.