Жаңбыр және аптап ыстық: Синоптиктер ескерту жасады

Синоптиктер көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертті.

 istockphoto.com Бүгiн 2026, 02:24
Бүгiн 2026, 02:24
161
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» бүгін, 7 шілдеде дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, Астана, Алматы және еліміздің барлық 17 облысында найзағай, жаңбыр, бұршақ, дауылды жел, аптап ыстық және жоғары өрт қаупі күтіледі.

Елдің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні секундына 20-28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар бірқатар өңірде аптап ыстық сақталады. Маңғыстау облысында ауа температурасы +41 градусқа дейін көтерілсе, Түркістан мен Қызылорда облыстарында +40 градусқа дейін ыстық болады. Ұлытау, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Қостанай, Жетісу және Абай облыстарының кейбір аудандарында +35…+37 градус ыстық күтіледі.

Синоптиктер көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертті. Әсіресе Маңғыстау, Түркістан, Абай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Жетісу, Алматы, Қарағанды және Атырау облыстарының жекелеген аумақтарында қауіп деңгейі жоғары болады.

Астанада күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Алматыда қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болжанып отыр, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Шымкентте жауын-шашынсыз аптап ыстық сақталады.

Төтенше қызметтер тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға, дауылды жел кезінде абай болуға және өрт қаупі жоғары кезеңде ашық от жақпауға шақырды.

Наверх