Қазгидромет 5, 6, 7 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттар өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
5 сәуірде республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, шығысында, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын жауады.
Қатты жаңбыр 6-7 сәуірде елдің батысында, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында да болжанып отыр.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, 5 сәуірде түнгі уақытта солтүстікте, шығыста, орталықта көктайғақ болады.
Ауа температурасы мынадай болады:
- Елдің батысында түнде 3-8 градустан 5-12 градусқа дейін, күндіз 15-22 градусқа дейін көтеріледі.
- Оңтүстік-батыста температура ауытқиды: түнде 5-10 градустан 8-13 градусқа дейін, күндіз 17-25 градустан 12-20 градусқа дейін болады.
- Солтүстік-батыста түнде температура 3 градус аяз-3 градус жылыдан 2-13 градус жылыға дейін көтерілсе, күндіз 13-20 градустан 10-18 градусқа дейін аздап төмендейді.
- Солтүстікте температура түнде 5 градус аяз-3 градус жылыдан 0-7 градус жылыға дейін өзгерсе, күндіз 8-15 градустан 13-20 градусқа дейін біртіндеп жоғарылайды.
- Еліміздің орталығында түнде 5 градус аяз-2 градус жылыдан 2-10 градусқа дейін, күндіз 8-15 градустан 10-20 градусқа дейін аздап жоғарылайды.
- Шығыста түнгі температура 2-7 градус жылыдан 1-8 градус аязға дейін төмендейді, ал күндіз 5-12 градус жылыдан 13-20 градус жылыға дейін көтеріледі.
- Оңтүстікте түнде 5-13 градустан 10-17 градусқа дейін, күндіз 18-25 градустан 17-28 градусқа дейін көтеріледі.
- Оңтүстік-шығыста түнде 3-12 градус жылы, күндіз 10-22 градустан 15-28 градусқа дейін жылы болады.