Жаңбыр, найзағай: 5 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 5 сәуір, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидромет РМК-ға сілтеме жасап.

 BAQ.KZ архив 5 Сәуір 2024 2024, 07:08
5 Сәуір 2024 2024, 07:08
1309
Фото: BAQ.KZ архив

Синоптиктер 5 сәуір, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидромет РМК-ға сілтеме жасап.

Ел аумағы бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады, сол себепті жауын-шашын жаумайды.

Тек елдің батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронттардың ықпалымен жаңбыр жауады.

Оңтүстікте найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, оңтүстік-батыста, оңтүстікте жел күшейеді.

Түркістан облысында дауыл соғады.

Наверх