Жаңбыр, найзағай: 19 тамызда барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды

Кеше, 21:45
200
Бөлісу:
Жаңбыр, найзағай: 19 тамызда барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ архив

19 тамызда еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Алматы облысында нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда түнде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауып, дауыл соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Астанада таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді. 19 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Найзағай ойнайды, ал күндіз бұршақ жауады, дауыл болады. Жел батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Атырау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау облысында батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) бар.

Шымкентте 19-21 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Өзгелердің жаңалығы