Жаңбыр, найзағай: 12 шілдеде бірнеше өңірде ескерту жарияланды

11 Шілде 2024, 22:50
488
Бөлісу:
Жаңбыр, найзағай: 12 шілдеде бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ архив

12 шілдеде күн райына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Атырау облысының шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз екпіні 15-20, облыстың шығысында 23 м/с.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық сақталады. Қызылорда қ.: 12 шілдеде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Алматыда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында бұршак, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 23 м/с.

Қарағанды облысының батысында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақытта 23 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде, тауларында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, тауларында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы