Жаңбыр, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Кеше, 22:52
630
Бөлісу:
Жаңбыр, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ - архив

22 наурызда еліміздің бірнеше өңірде күн райының бұзылуына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Астанада көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран, облыстың шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Күндіз шығыста және оңтүстікте жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ, боран соғады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын желдің жылдамдығы түнде 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с жетеді.

Ақмола облысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы солтүстікте, оңтүстікте және таулы аудандарда 17-22 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран болады. Солтүстік, шығыс және оңтүстікте жауын-шашынды болады. Күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ, боран болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысының солтүстігі мен таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік пен шығыста 15-20 м/с, күндіз Алакөл көлдері маңында 23-28 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде түнде және таңертең жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік, оңтүстік және шығыста тұман, көктайғақ болады. Таңертең және күндіз оңтүстікте желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде күндіз аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), боран болады. Көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең батыста және оңтүстікте тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікте және шығыста 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығын тұман басады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстікте, шығыста және орталықта 15-20 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында түнде қар жауып, боран соғады, көктайғақ күтіледі. Батыста және солтүстікте тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұманды күн райы болады. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, батысы мен солтүстігінде 25 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы асуларында күндіз жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, 15-20 м/с дейін жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады. Күндіз батыс пен оңтүстікте желдің екпіні 15-18 м/с дейін күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы