Жаңбыр, бұршақ, тұман: Ертең бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Ертең ел астанасында да түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

 pexels.com Кеше 2026, 23:39
Кеше 2026, 23:39
144
Фото: pexels.com

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 2026 жылғы 6 мамырда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, ал облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 6 мамырда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғады, түнде және таңертең тұман болады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Ұлытау облысының батысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 6 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қарағанды облысының батысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 6 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында нөсер жаңбыр болады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысындағы екпіні 15–20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысындағы екпіні 23 м/с құрайды. Оралда 6 мамырда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15–20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі. Павлодарда 6 мамырда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстік-батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 6 мамырда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, тұман түседі деп күтіледі. Ақтауда 6 мамырда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Қостанайда 6 мамырда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Астанада 6 мамырда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Түнде Атырау облысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, сондай-ақ түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа, батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда 6 мамырда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының батысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Қызылордада 6 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының тауларында өткінші жаңбыр жүріп, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз таулардағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр болып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі облыстың орталығында, солтүстігінде, батысында, шығысында сақталады.

6 мамырда Абай облысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Семейде 6 мамырда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі жоғары. Қонаевта 6 мамырда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында сынап бағаны 1 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі деп болжанады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Көкшетауда 6 мамырда солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.

Наверх