Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров «Жанболат Мамайдың ісін тергеу жөніндегі «британдық парламенттік комиссияға» қатысты жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз Жанболат Мамайдың ісін тергеу бойынша Қазақстанға «британдық парламенттік комиссия» деп аталатындардың келгенін естідік. Айта кетейік, Ұлыбритания Парламентінде құрылған бұндай ресми комиссия жоқ. Британдық тараптың ақпаратына сәйкес, бұл комиссия деп аталатын топ елдің парламенті немесе үкіметінің мүддесін білдірмейді. Қазақстанның анонимді азаматтары тобының тапсырысы бойынша Биндманнс жеке заң компаниясы жүргізетін өз тергеуі бар. Тергеуге, беделге ие болу үшін, бұл компания британ парламентінің үш мүшесін тартты, олардың қандай шарттармен келуі туралы ақпаратты мүмкін олардан білуге болады. Бұл қандай компания және олар не істейді, сіздер интернетте өзіңіз көре аласыз, барлық ақпарат бар, - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.
Айтуынша, бұл комиссияның ресми рөлі жоқ.
Неліктен парламентшілер өздерін күмәнді шыққан ақша үшін жалған тәуелсіз комиссиялармен байланыстыратынын түсінбейміз. Бұл комиссияның ресми рөлі жоқ. Әйтпесе, өзіңіз қараңыз: ұлттық парламент белгілі бір комиссия құрайды, егеменді мемлекетке келеді, тергеу жүргізеді. Бұл мемлекеттер арасындағы қатынастардың халықаралық-құқықтық нормаларына сәйкес келе ме? Жауабы анық, - деді Айбек Смадияров.