Жанболат Мамайды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

1 Қыркүйек 2022, 00:15
1702
Бөлісу:
Жанболат Мамайды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Бұл ақпаратпен тіркелмеген демократиялық партия көшбасшысының жұбайы әрі қоғам белсендісі Инга Иманбай әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жанболаттың қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға, 12 қазанға дейін созды. Сот тергеу тобы жетекшісі Күнғожиновтың арызын қанағаттандырды, – деп жазды ол Facebook-те.

Ақпан айының соңында Мамай қаңтар оқиғасының құрбандарын еске алу акциясын ұйымдастырғаны үшін 15 күнге қамауға алынды. Әкімшілік қамауға алынғаннан кейін ол бостандыққа жіберілмеді, өйткені ол ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы – Көрінеу жалған ақпарат тарату және билік өкілдерін қорлау бойынша күдікке ілінді.

Өзгелердің жаңалығы