Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жаңажол көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады

1 Қыркүйек 2023, 16:50
917
Бөлісу:
 Елорда әкімдігі
Фото: Елорда әкімдігі

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алаш тас жолынан бастап Мұнайшылар көшесіне дейінгі аралықтағы Жаңажол көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты 2-3 қыркүйек күндері жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалыс толығымен шектеледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы