Жаназада дастарқанға тек 7 ас түрін қою міндеттеле ме?

7 Сәуір 2025, 16:43
1417
Бөлісу:
Жаназада дастарқанға тек 7 ас түрін қою міндеттеле ме?
Фото: Жасанды интеллект

ҚМДБ әр өңірде әртүрлі өткізілетін құдайы астарға алаңдаушылық білдіріп, халықты ысыраптан тыйылуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Редакциямыз Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына "Астананың Бас мешіті мен Хазірет Сұлтан мешітіндегі асханада ас берсеңіз, адам басына 15 мыңнан асады. Ал Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстарында дастарқанда тек 7-ақ ас түрі қойылады. Яғни, республиканың әр өңірінде ереже әртүрлі. Осыны біріздендіру қажет пе?" деген сауал қойды. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қаншама жылдан бері халықты құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеуге үндеп келеді. Алайда кейбір азаматтар құдайы ас мәзірін өздері таңдап, ас та төк дастарқан жайып, құдайы ас өткізіп жатады. Осы сәтті пайдаланып, тағы да ел азаматтарын шариғатымыз талап етпейтін амалдар жасамауға, яғни шамадан тыс шығынға батып, құдайы ас өткізбеуге шақырамыз. Артық шығынды мұқтаж жандарға, ауыр науқасқа ұшыраған адамдарға беріп, олардың алғысына бөленіп, көбірек сауап алған абзал, - делінген ҚМДБ жауабында.

Бұған дейін Діни басқарма зиратқа қатысты ысырапшылдыққа жол берілмеу керектігі туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы