Жаңатасты ақ ұлпа қар басты

31 Наурыз 2021, 13:58
2026
Бөлісу:
Жаңатасты ақ ұлпа қар басты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысы Сарысу ауданына қарасты Жаңатас қаласын ақ ұлпа қар басты.

Жылы өңір болғандықтан ағаштар бүр жарып, жер бетіне қаулап көк шыққан. Бірақ ауа райы бүгін жаңатастықтарға «тосын сый» жасағандай. 

Ауа райында «қар жауады, қар жауады» дегенде дәл осындай қар жауады деп ойламаппын. Мынау дегенің кәдімгі қыстың қары емес пе?! Саусақтай, саусақтай болып жауып жатыр. Жерді ағартып тастады, - деп таңданысын жасырмады видео авторы Бағдат Сазанов. 


Естеріңізге сала кетейік, ауа райына байланысты еліміздің 7 өңірінде ескерту жарияланған болатын. 

«Қазгидромет» РМК-ның болжамы бойынша, 31 наурыз бен 1 сәуір аралығында Жамбыл облысының кей жерінде нөсер жауын болады. 

31 наурыз - 2 сәуірде кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз 31 наурызда кей жерде найзағай ойнайды. Күндіз 31 наурыз, тәулік бойы 1 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ойысады, кей жерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге жетеді, -  делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы