Жаңаталап ықшамауданының тұрғындары референдумда белсенділік танытты

Тұрғындар референдумда ұсынылған өзгерістерді қолдай отырып, заңға енгізілетін жаңашылдықтар елдің тұрақты дамуына оң әсер етеді деп сенім білдірді.

 Кеше 2026, 07:45
Кеше 2026, 07:45
120

Бүгін таңғы сағат 7:00-де №1031 референдум учаскесінде Жаңаталап ықшамауданының тұрғындары дауыс беруге белсенді түрде қатысқан. Алғашқы дауыс берушілердің бірі өз таңдауын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтынын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тұрғындар референдумда ұсынылған өзгерістерді қолдай отырып, заңға енгізілетін жаңашылдықтар елдің тұрақты дамуына оң әсер етеді деп сенім білдірді. Дауыс беру барысында олар жоғары азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.

Жаңаталап ықшамауданы тұрғындарының ұйымдасқан түрде қатысуы ел бірлігі мен татулығын көрсетті және болашақ ұрпаққа деген жауапкершіліктің нақты көрінісі болды.

Наверх