Жақыныңа жанашыр бол: Дәрігерлерге 300-ден астам волонтер көмектесіп жүр

29 Шілде 2020, 15:32
1650
Бөлісу:
Жақыныңа жанашыр бол: Дәрігерлерге 300-ден астам волонтер көмектесіп жүр
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің провизорлық госпитальдерінде жұмыс істеп жүрген дәрігерлерге 300-ден астам волонтер көмек көрсетуде. Олардың қатарында спортшылар, мұғалімдер мен кәсіподақтар ұйымдарының өкілдері бар.

Еріктілердің бір тобы "Баянтау" спорт кешенінің ғимаратынан ашылған триаж-орталықта шоғырланған. Еңбек демалысын құрбан етіп, дәрігерлерге қолдау көрсеткендердің қатарында Константин Музалевский мен Гүлзира Атабаева бар.

Қос азамат облыстағы кәсіподақтар ұйымында еңбек етеді. 250 орынға шақталған госпитальде еңбек етіп жүргендеріне бір айға жуық уақыт өтіпті.

Өз басым коронавирустық инфекцияны жұқтырып, емделіп шықтым. Сондықтан болар, жүрегімні ңқалауымен триаж-орталыққа келіп, еріктілер қатарына қосылдым. Осында кіші медициналық қызметкер, яғни, санитар болып жұмыс істеймін. Осында йшешімді қабылдағаныма туыстарым мен отбасым қарс ыболмады, бірақ, таң қалды. Енді, міне, 12 сағаттық ауысым бойынша жұмыс атқарудамын. Дәрігерлерге барынша көмектесіп жатырмыз. Триаж-орталықты ңжұмысы тоқтағанша осында боламын, - дейді Константин Музалевский

1416.PNG

Ал 25 жастағы Гүлзира Атабаева да волонтер атанды. Негізгі жұмысы мен еріктілікті қатар алып жүр. Гүлзираның айтуынша, провизорлық орталықтың жұмысы қауырт. Еден жуып, науқастардан сауалнама алу сиқяты жұмыстарды қорықпай атқаруда.

Бұған дейін анама операция жасалды. Дәрігерлер болмаса, ауруынан айыға алмас па еді деп ойлаймын. Сондықтан, ақ желеңділерге айтар алғысым шексіз. Оларға шексіз алғысымды жеткізу үшін волонтер атанып, триж орталықта жүрмін. Әрине, шаршаймыз. Ұйқымыз үзіледі. Бірақ, емделіп шыққан науқастардың алғысын алғанда, шаршағанымыз басылып кетеді, - дейді Гүлзира.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, өңірде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2937 дерегі тіркелген. Қазіргі уақытта инфекциялық бөлімшелерде 123 адам емделіп жатыр. Бүгінгі күнге дейін аурудан 23 өлім тіркелді.
Өзгелердің жаңалығы