Жанармай құю бекеттерінде бақылау күшейтіледі

19 Сәуір 2023, 15:03
1011
Бөлісу:
Жанармай құю бекеттерінде бақылау күшейтіледі
Фото: sn.kz

Жанармай құю станциялары отын тарату колонкаларын тексеріп, бензиннің толық көлемде бөлінуін бақылауға міндетті болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің мәліметінше, «Мемлекеттік реттеуге қатысты өлшемдер тізбесін бекіту туралы» Энергетика министрлігі мен Индустрия министрлігінің бірлескен бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілді.

Отын тарату бағанасы қазіргі заманғы жанармай құю станцияларындағы негізгі жабдық болып табылады және жанармайдың әртүрлі маркаларын таратуға ғана емес, сонымен қатар берілген бензин немесе дизель отынының мөлшерін есепке алып отырады.

Атап айтқанда, тұтынушылардың құқықтарын өлшеудің дұрыс емес нәтижелерінен қорғау мақсатында (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің көлемін өлшеп, тексеріледі.

Осы өзгерістердің арқасында бағандарды аккредиттелген зертханалар ± 0,4% қателік шегіне сәйкес тексеруі керек. Мысалы, жүргізуші өз резервуарына 30 литр бензин құятын болса, баған 120 мл-ден аспайтын қателігі бар отын мөлшерін беруі тиіс, - деді СИМ ТРМК төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Сондай-ақ ЖМҚС қатысты тексеру талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады. Ал жүргізушілер жанармайды қорықпай, өздері қалаған мөлшерде бензинді сатып ала алады, яғни белгіленген мөлшерден аз құю фактісі жойылады.

Өзгерістер Энергетика министрі мен Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 31 наурыздағы № 129-НҚ бірлескен бұйрығымен бекітілді.

Өзгелердің жаңалығы