Жаңақорғанда білім бөлімінің 9 қызметкері сотталды

5 Қыркүйек 2024, 15:48
801
Бөлісу:
Жаңақорғанда білім бөлімінің 9 қызметкері сотталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Жаңақорған аудандық білім бөлімінде бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық соты 200 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған 9 адамға қатысты үкім шығарды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді облыстық прокуратура жүргізді. Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы білім беру жүйесінде жұмыс істемейтін тұлғалардың есепшотына заңсыз ақша аударылғанын дәлелдеді.

Қылмыстық іс бойынша негізгі айыпталушылар бас бостандығынан айырылса, қалған 7 сыбайлас бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, шартты түрде сотталды. Келтірілген шығын ішінара өтелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - делінген хабарламада.

Айта кету керек, бұған дейін прокурорлар сол аудандағы мектептердің есепшілері мектептерде жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз ақша аударып, жымқырғанын анықтаған болатын. Бұл қылмыстық істер бойынша айыптау үкімі шықты.

Өзгелердің жаңалығы