Жаңаөзеннің бюджеті 5 млрд теңгеге өседі

14 Сәуір 2023, 16:28
1001
Бөлісу:
Жаңаөзеннің бюджеті 5 млрд теңгеге өседі
Фото: Zakon.kz

Жаңаөзен қалалық мәслихатының «Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 27/206 «2023 - 2025 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы» шешіміне түзетулер дайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, облыстық бюджеттен трансферттер түсуінің арқасында қалалық бюджет 4 954 806 мың теңгеге өседі, - делінген құжатта.

Жалпы қала бюджеті 17 138 606 мың теңге болады. Бұған дейін ол 11 638 218 мың теңге сомасында бекітілген болатын.

Құжат 19 сәуірге дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Өзгелердің жаңалығы