Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жаңаөзендегі оқушы қыздардың төбелесіне қатысты Оқу-ағарту министрлігі пікір білдірді

23 Қазан 2025, 23:19
369
Бөлісу:

Жаңаөзенде мектеп оқушы қыздар арасында орын алған екі бірдей жанжалдан соң, ата-аналарға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Qaz365.kz порталы жазды. Оқу-ағарту министрлігі ресми түсініктеме берді.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, қақтығыстар сабақ уақытынан тыс, кешкі мезгілде болған.

Маңғыстау облысының білім басқармасы арнайы комиссия құрып, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Қазір Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы әкімшілік іс қозғаған. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабына сай, оқушы қыздардың ата-аналарына қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылды, – деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар, бұл жағдай кәмелетке толмағандар ісімен айналысатын Жаңаөзен қалалық комиссияның алдағы отырысында талқыланбақ.

Өзгелердің жаңалығы