Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңаөзендегі көпбейінді аурухананың жанынан ПТР зертхана ашылды. Мұнда енді тәулігіне 200 ге дейін тест сынамасын тапсыруға мүмкіндік бар. Бұл туралы Жаңаөзен қалалық денсаулық сақтау саласының үйлестірушісі Сәнім Танаева мәлім етті.
Оның айтуынша медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті мұнай мекемесінен 89 миллион теңге бөлінген. Бұдан бөлек птр зертханасына 4мың адамға ковидті тексеретін реактивтер де келді. Алматы қаласынан әкелген медициналық жабдықтардың монтаждау жұмыстары 26 қазанда басталды.
Мұнда білікті мамандар, медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Бұл зертхананың ерекшелігі тек ковидке қарсы тест жасалмайды. Өзге де анализді талдамалар, лабораториялық зерттеулер жүргізіледі. Сондай-ақ көпбейінді аурханаға 45 оттегі нүктесі тартылды. Енді баллонды тасымай-ақ перзентханаға, терапиялық корпусқа инфекциялық ауруханаға және жансақтау бөліміне -ақ оттегі тетіктерін алуға мүмкіндік бар,- деді Сәнім Танаева.
Мамандардың айтуынша екінші толқын бола қалған жағдайда қала сыртындағы 9 шақырым қашықта орналасқан ауданаралық туберкулез диспансерінде 100 адамға арналған төсек орын мен қорғаныш құралдары дайын. Бүгінде туберкулез диспансерінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл аурудың азаюына байланысты енді жедел-жәрдем станциясы 31 желтоқсанда сол ғимарақа көшеді.