Жаңаөзенде инкассаторларға шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр

4 Желтоқсан 2020, 13:22
1396
Бөлісу:
Жаңаөзенде инкассаторларға шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңаөзенде белгісіз біреулер банк инкассаторларын тонап кеткені туралы ақпарат yedilov ONLINE телеграмм-арнасында хабарланған еді.  Ақпаратқа сәйкес, Жаңаөзенде 3 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:40-та «Көктем» шағын ауданында орналасқан банк бөлімшесін инкассациялау кезінде пышақпен қаруланған төрт адам инкассатор көлігіне қарақшылық шабуыл жасаған.

Оқиғаға байланысты «Сбербанк» АҚ ЕБ Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаларында мәлімдеме жасады.

Шынында да, 2020 жылдың 3 желтоқсаны күні кешке «Сбербанк» бөлімшесінің жанында банк үшін инкассация қызметтерін ұсынатын үшінші тарап компаниясының инкассатор көлігіне шабуыл жасалды. Шабуыл кезінде инкассатор көлігінің жүргізушісі жалғыз өзі, банк бөлімшесіне кіріп кеткен әріптестерін күтіп тұрған. Шабуылшылар инкассатор қызметкерлерінің бұған дейін басқа ұйымдардан жинаған қаражатын ұрлаған. Осылайша, біз Сбербанк клиенттерінің қаражаты толық қауіпсіздікте екенін хабарлаймыз. Алдын ала ақпаратымыз бойынша, шабуыл салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Сбербанк қылмыскерлер анықталып, кінәлілер жазасын алады, қаражат иелеріне қайтарылады деп үміттенеді және осы қылмыстың тезірек ашылуына көмек көрсетеді, - делінген мәлімдемеде.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысы полиция департаменті мен Жаңаөзен қалалық полиция бөлімінің жеке құрамы шабуыл жасаған күдіктілерді іздеуге және ұстауға жұмылдырылды.

Бейнебақылау камерасы инкассатор машинасына жасалған шабуыл сәтін және күдіктілердің ақ түсті автокөлікпен қалай жасырынып жүргенін жазып алған. Жаңаөзен қаласының жолдары қатаң бақылауда, патрульдік полицияның күшейтілген жасақтары қаланы және оның айналасын патрульдеуде, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы