Жаңаөзенде аштық жариялаған жұмыссыздарға жұмыс ұсынылды

3 Мамыр 2023, 20:28
902
Бөлісу:
Жаңаөзенде аштық жариялаған жұмыссыздарға жұмыс ұсынылды
Фото: Жаңаөзен әкімдігінен

Оларға жалақысы 280 мың теңгеден 140 мың теңгеге дейінгі бос жұмыс орындары ұсынылып отыр, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Аштық жариялаған жаңаөзендік жұмыссыздарға "Жұмыс жасаймын" өңірлік бағдарламасы аясында жұмысқа орналасудың түрлі нұсқалары көрсетілген. 
Тұрғындар ұсынылған жұмысты жасай жүріп, мұнай саласына орналасу кезегін күте алады.

Қазіргі уақытта Жаңаөзендегі 13 компания 200-ден астам түрлі бағытта бос жұмыс орындарын ұсынды. Мысалы сәулетші, өндіріс инженері, call-орталық операторы, кассир-бухгалтер, асхана қызметкері, автослесарь, менеджер, электрик, сату менеджері, клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер, сатушы, тазалық қызметкері, әкімші және т. б. 

Ұсынылған бос жұмыс орындарының ең жоғарғы жалақысы-280 мың теңге, лауазымына, біліктілігінің болуына байланысты ең төменгі жалақы 140 мың теңге. Көптеген бос жұмыс орны үшін жоғары білім қажет емес, – деп хабарлайды Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ұлбазар Орынбаева.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қызметкерлері жиналғандарға қолда бар жұмыс орындарына жұмысқа орналасуды және мұнай-газ саласына жұмысқа орналасу алгоритмі шеңберінде өз кезегін күтуді ұсынды, алайда жұмыссыздар жалпы кезекті айналып өтіп "Өзенмұнайгаз" АҚ-на жұмысқа орналасуды талап етті.

Бұл талап өз кезегін күтіп отырған қаланың басқа да тұрғындарына әділетсіз болып табылады, олардың көпшілігі қазіргі уақытта басқа салаларда жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы